www.kazatk-atk.kz
ҚазККА АКК - бұл көлік
және коммуникациялық бағыттарда
кәсіби дайындауға арнайы
мамандандырылған колледж
ретінде теміржол, су мен
құбыр көліктері және
коммуникация
мамандарын
даярлайды
ҚАЗАҚША     РУССКИЙ   Бүгiн 21 қыркүйек 2019 жыл

Танысу үшін ұсынамыз


Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (ҚазККА)
www.kazatk.kz
Бастапқы бет » Студенттік өмір

Студенттік өмір

 «Студент көктемі-2018» апталығы аясында «Эстрадалық ән» және «Хореография» номинациялары бойынша «Жас дарын» байқауы өткізілді.

 

Ол  байқауда  «Хореография» номинациясы бойынша колледж студенттері топ жарып І орынды иеленді,  «Эстрадалық ән» номинациясы бойынша III  орынды иеленді.

 

2018 Сәуір айының 25-ші жұлдызында колледжімізде мектеп бітірушілерге арналған «Ашық есік» күні өтті.

Ондағы мақсат: мектеп оқушыларын колледж өмірімен таныстырып, сабақ өткізіліп жатырған аудиторияларды, спорттық алаңдарды, кітапхана, шеберханаларды аралатып студенттік өмірге қызығушылығын арттырып,  олардың болашақ теміржол мамандығына деген сүйіспеншілік сезімдерін  ояту.

 

2018 жылдың желтоқсан айының 28-ші жұлдызында Ақтау көлік колледжінің директоры Б.А.Досжанов білім алушыларды келе жатырған 2019-шы Жаңа Жыл мерекесімен құттықтап, жыл қорытындысы бойынша белсенді және озат студенттерді Алғыс хатпен марапаттап, арнайы сыйлықтар табыстады. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

 

2018 жылдың 16-қараша күні халықаралық студенттер күніне орай М.Өскінбаев атындағы филармония залында М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі студенттерінің мерекесі өткізілді. Шараның мақсаты: биылғы оқу жылында колледж табалдырығын аттаған білім алушыларымызды студенттер қатарына қабылдау, сынақ кітапшасын тапсыру рәсімі және жастарды қоғамдық өмірге белсенді  араластыру, жас буынның патриоттық санасын қалыптастыру болды.

 

Сондай-ақ, кештің екінші бөлімі «Күз бен Біз» атты көңілді тапқырлар сайысына ұласты. Шара барысында колледж студенттері бірлесе өнер көрсетіп, 3 номинация бойынша додаға түсті.7 команда қатысқан бұл сайыста ОПЖД-9/18-02 және ЭиР-9/18-02 топтарынан құралған «New Life» командасы  бас жүлдені иеленді.

 

2018 жылдың қазан айында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті насихаттау мақсатында «Жемқорлықсыз болашақ» атты жастар форумының аясында, Ақтау қаласының жоғары білім және арнайы білім беру ұйымдарының  студенттері арасында «Маңғыстау облыстың азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі, Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша, «Жастар – жемқорлыққа қарсы!» тақырыбында студенттер арасында көріністер байқауы өтті. Колледж студенттері Алғыс хатпен марапатталды.

 

2018 жылы 1мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған «Бейбітшілік шеруі» өтті. Шеруге барлық колледж оқытушылары мен қызметкерлері және студенттер қатысты.

 

2018 жылдың қыркүйек айының 6-9 аралығында облыстық «Денсаулық фестивалі - 2018» аясында, жас желектей өсіп келе жатқан жаcтарымыздың санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болуын насихаттау мақсатында «Біздің денсаулығымыз-өз қолымызда!» атты спорттық шаралар өтті.

 

Қыркүйек айының 28 жұлдызы күні дәстүрге айналған жыл сайынғы 1-ші курс студенттері арасында «Алло – Біз таланттарды іздейміз!» атты байқау өткізілді. Байқауға   2018-2019 оқу жылында оқуға түскен студенттер қатысты. Байқаудың мақсаты:  Дарынды студент жастарды анықтау.

 

2018ж. қалалық Бекет ата мешітінің найб имамы Аслан Өрбісіновпен кездесу. Ата-анаға деген құрмет аясындағы тақырыпта сөз қозғап, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

 

2018 Маңғыстау газетінің 45 жылдығына орай бірлескен «Береке – бірліктің насихатшысы» атты тақырыпта облыстық кітапханада ақын-журналисттер Үміт Жалеке, Ерекен Қорабаев, Гүлнар Науыршаевалармен кездесу.

 

2017 жылдың сәуір айының  6-8 жұлдызында М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының колледждері (Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе және Ақтау) арасында дәстүрге айналған «Студенттер көктемі – 2017» фестивалі  «М.Тынышбаев атындағы ҚазККА  Алматы көлік колледжінің» ұйымдастыруымен «Ел тірегі - жастар» тақырыбында өткізілді.

Қатысушылар намысты қолдан бермей спорттық жарыстарда да, зияткерлік сайыста да, өнер саласында да жақсы нәтиже көрсетіп, жалпы командалық  ІІ-орынды қанжығаларына байлады.

 

 2017ж.сәуір айының 13-і күні колледж студенттері қайырылымдық шарасын ұйымдастырып, «Қарттарым аман жүрсінші!» -деп, жасы ұлғайып, қараусыз  қалған қарттардың көңілдерін көтеру мақсатында қарттар үйіне концерттік бағдарламамен барып, мерекелік көңіл күй сыйлап қайтқан болатын.

Мақсаты: Үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңірген, кішіпейіл, мейірімді, өнегелі-өнерлі тұлға қалыптастыру. 

 

06.03.2018жылы «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай 1 курс пен 4 курс аралығындағы колледж жігіттері қыздарға арнап «Қыздар,қыздар – сұлусыздар!» атты мерекелік концерт ұйымдастырды.

 

14.03.2018 жылы  Ұлыстың Ұлы күні «Әз – Наурыз»  мерекесі колледжімізде аталып өтті.  Колледж ғимаратында ақ дастархан жайылып, студенттер өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық ойындар ойналып, соңынан оқытушылар мен студенттер мерекеге жайылған ақ дастарханнан қазақтың ұлттық тағамдарымен Наурыз көжесінен дәм татты.

 




 
© 2011. Все права защищены.
Актауский транспортный колледж
   
Создание сайта и сопровождение: Mediana.kz